+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Жапония шетелдіктердің Олимпиадаға келуіне тыйым салмақ

2021 жылғы 6 наурыз 16:07
Бөлісіңіз:
Жапония шетелдіктердің Олимпиадаға келуіне тыйым салмақ

ТОКИО. Kyodo News -ҚазАқпарат – Токиодағы Олимпиаданың ұйымдастырушылары шетелдік жанкүйерлердің Ойынға келуіне тыйым салмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Александр Куликов слаломды есуден Олимпиадаға жолдама жеңіп алды Кабулда бензин тасымалдаушы көлік өртенді: 9 адам опат болып, 14-і зардап шекті Crew Dragon кемесі 4 ғарышкермен Жерге оралды

«Қазіргі уақытта Жапония шетелдіктердің елге кіруіне рұқсат берген жоқ. Елдегі ахуал жақсарғаннан кейін ғана бұл мәселе қарастырылатын болады. Біз оларды қабылдай алатындай жағдай бірден жақсарып кетеді деп ойламаймын», - деді Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тоширо Муто.

Токиодағы Олимпиада 2020 жылы ұйымдастырылуы керек болатын, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты ол кейінге қалдырылды. Ойындар 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді деп жоспарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT