+7 (701) 759 90 19
USD 432.21 EUR 520.38
RUB 5.67 CNY 66.59
Jańalyqtar

Жапонияда олимпиада алауы эстафетасы тоқтатылуы мүмкін

2021 жылғы 25 ақпан 12:05
Бөлісіңіз:
Жапонияда олимпиада алауы эстафетасы тоқтатылуы мүмкін

ТОКИО. Kyodo News-ҚазАқпарат – Токиодағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті олимпиада алауы эстафетасын өткізу кезінде коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін жетінші тур ойындары басталады Ресейдегі халықаралық турнирде Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысын жеңді Бокс: Жұлдыз Шаяхметова жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Оның ішінде егер белгілі бір талаптар орындалмаса эстафетаның тоқтатылуы мүмкін екені айтылған.

Құжатқа сәйкес, егер алау жүріп өтетін бағытта адам тым көп жиналса эстафета тоқтатылуы мүмкін. Осыған байланысты ұйымдастыру комитеті жергілікті тұрғындарды алаумен жүгіріп өту рәсімін тікелей эфирден ғана тамашалауға шақырады.

Ұйымдастырушылар да маска тағу, әлеуметтік қашықтық сақтау, дезинфекция құралдарын пайдалану сынды қауіпсіздік шараларының барлығы сақталу қажеттігін атап өтті.

Олимпиада алауы эстафетасына қатысатын танымал адамдарды ұйымдастырушылар толығымен қорғау мүмкін болатын аймақтарға жеткізеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT