Жапонияда сұрапыл құйын үй шатырларын ұшырып, көліктерді аударып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияда жексенбі күні соққан алапат құйын көліктерді аударып, үйлердің шатырларын ұшырып әкетті. ҚазАқпарат бұл туралыThe Japan Times-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Табиғи апат салдарынан Сидзуока префектурасында 92 ғимарат бүлініп, бірнеше адам зардап шекті.

Макинохара қаласында да көптеген үй қираған. Қазіргі уақытта жапон метерологтары осы жағдайға байланысты торнадоның қайталану мүмкіндігін зерделеуде.

Сондай-ақ сұрапыл құйын электр бағаналарын құлатып, салдарынан шамамен 3 200 үй жарықсыз қалды.


Соңғы жаңалықтар