Жапонияда якудза бандалары арасында атыс болды

None
None
ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Жапонияның басты аралы Хонсю орталығындағы Исэсаки қаласында жауласқан якудза гангстерлер тобы арасында атыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға орнынан елдегі ең ірі қылмыстық синдикат құрылымы «Ямагути-гуми»-дің кеудеден және басынан жарақат алған мүшелері табылды.

Тағы бір адамды көлікпен қағып кеткен, оның жағдайы ауыр. Полиция жараланған үш адамды госпитальге жеткізді. Қақтығыс орнынан қанның іздері, тасталған аяқ-киім, киімнің жыртылған бөлігі және көліктердің сынған бөлшектері табылды.

Полиция оқиға орнынан ізін суытқандарды іздестіріп жатыр.

Жапонияда ұйымдасқан қылмыстық топтар саны 2019 жылы 2,3 мың адамға азайып, қазір 28,2 мыңы ғана қалды. Полиция өкілдерінің айтуынша, якудза санының қысқаруына ұйымдасқан қылмысқа деген қысым мен қаржы табудың қиындығы себеп болған.

«Ямагути-гуми» әзірге Жапониядағы ірі якудза тобы, ол шағын бандалардың басым бөлігін біріктіреді. Оның құрамында шамамен 8,9 мың адам бар. Екінші орында 2015 жылы осы синдикаттан бөлініп шыққан «Кобе Ямагути-гуми» тобы тұр, оның құрамында 3 мыңға жуық якудза бар. Екі синдикат арасында жауластық әлі күнге дейін сақталып келеді.


Соңғы жаңалықтар