Жапониядағы дауыл: 7 млн адам үйлерін тастап кетті
«Хагибис тайфуны жергілікті уақытпен кешкі сағат 7-де басталды. Қазір ол Токионың оңтүстік батысынан 225 км / сағ жылдамдықпен шығысқа қарай жылжып барады. Соның салдарынан 7 млн-нан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған», деп жазады автор.
Жапонияның көлік министрлігі әуежай мен қала орталығының арасындағы темір жол және автобус тасымалы тоқтап қалғандықтан, екі әуежайды уақытша жапты. Жапония әуе компаниялары екі мыңға жуық рейсті тоқтатты.
Жапонияның метеорологиялық агенттігі (JMA) Токио аумағында қатты жаңбыр болатынын хабарлады. «Қалаларда, елді мекендер мен ауылдарда қатты жаңбыр кесірінен төтенше жағдай жарияланды. Көшкін мен сел секілді дүлей апат та болған болуы мүмкін», деді JMA қызметкері. Қатты жауыннан Жапонияда қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды.
Жапония билігі 11 млн адамға эвакуация жариялады. Бұл 1959 жылдан кейінгі ең ірі дауыл болуы мүмкін деп болжануда. 306 км / сағ жылдамдықпен болған Вера Тайфунынан 1959 жылы бес мыңнан астам адам қаза тапқан болатын.