Жапониядағы Хагибис дауылынан қаза тапқандар саны 35-ке жетті

None
None
ТОКИО. KYODO-ҚазАқпарат – Жапония жексенбі күнгі тайфуннан аман қалғандарды құтқару жұмысын бастады. Өте көп мөлшерде жауған жауын-шашын салдарынан тұрғын үйлердің ірі учаскелерін су алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат kyodonews-ке сілтеме жасап.

Өзін-өзі қорғау күштерінен 27 мыңға жуық әскери қызметкер Чимкума өзенінің жағалауы опырылғаннан кейін қиын жағдайда қалған 360 адамды құтқару үшін осы өңірлерге, соның ішінде Ноганоға жіберілді.

Нагано стансасының жанындағы Шығыс Жапония теміржол компаниясының теміржол стансасында тұраққа қойылған он қатар жүрдек жолаушылар пойыздарын, есепсіз нысандар мен тұрғын үйлерді тасқын су алып кетті.

Құтқарушылар су басқан үйлердегі тұрғындарды құтқару үшін тікұшақ пен қайықтарды пайдаланды.

Жапонияның басты аралы Хонсюде 6 миллионнан астам адамға эвакуация жасауға кеңес берілген. Пойыз операторлары теміржол қатынасына шектеу қойған, ал астаналық және оған жақын аудандардың әуежайлары әлі де жабық тұр.

Жапон метеорологиялық агенттігі Токио, Гунма, Сайтама, Канагава, Яманаси, Нагано, Сидзуока, Ниигита, Фукусима, Точиги, Ибараки, Мияги және Ивате префектуралары үшін бірден беске дейінгі шкала бойынша ең жоғары қауіп деңгейін жариялады.

Бұған дейін ҚазАқпаратта хабарланғандай, 12 экипаж мүшесі бар панамалық жүк кемесі сенбі күні кешке Токио шығанағында қатты жел мен жаңбыр болған жерде батып кеткен еді.

Жексенбі күні таңертең 1925 тонналық кеме экипажының төрт мүшесі құтқарылды, алайда оның бесеуі артынан көз жұмды. Батып кеткен кеменің үш мүшесі із-түзсіз жоғалған.

Соңғы жаңалықтар