USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Жаппай ереуіл кезінде тәртіп бұзғандарға сот қандай үкім шығарды

2022 жылғы 14 қаңтар 20:10
Бөлісіңіз:
Жаппай ереуіл кезінде тәртіп бұзғандарға сот қандай үкім шығарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Сәдуақасов жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша адамға сот үкімімен жаза тағайындалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы тұрғындары үйін бұзақылардан қалай қорғап қалғанын айтып берді Қаңтар оқиғасы: Шымкенттік полицей бұзақылардың автобусты өртеуіне жол бермеген ІІМ жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталғандардың құқығы тапталмайтынын мәлімдеді
«Төтенше жағдайға қарамастан республикадағы барлық соттар қоғамдық тұрақтылықты қалпына келтіруге үлес қосуда. Қазақстан Республикасы соттарының 2022 жылдың басынан бастап бейбіт шерулер мен ТЖ режимі туралы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы қараған істерінің қысқаша статистикасына тоқталып өтейін» деп жазды Айдос Сәдуақасов Facebook парақшасында.


Оның айтуынша, барлығы 7085 материал қаралды. 2947 қамау, 2621 - ескерту, 1483 адамға айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

Ұсақ бұзақылық үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы) 8 адам, ТЖ режимін бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нәң 476-бабы) - 5168 адам, лаңкестікке қарсы операциялар өткізу аймағындағы құқықтық режимді бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 478-бабы) - 140 адам, бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы заңды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 488-бабы) - 1757 адам, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік орган қызметкерінің (әскери қызметшінің) заңды талабына бағынбағаны үшін (ӘҚБтК-нің 667-бабы) - 8 адам, сот актісін орындамағаны үшін (ӘҚБтК-нің 669-бабы) - 1 адам, қорғауға алынған нысандарға заңсыз кіргені үшін (ӘҚБтК-нің 506-бабы) - 2 адам, жасөспірімдердің заңды өкілінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе үйінен тыс жерде жүргені үшін (ӘҚБтК-нің 442-бабы) - 1 адам жауапқа тартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT