Жарамсыз медициналық костюмдер: Жандарбек Бекшинге орынбасары жауап берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова «сапасыз» қорғаныш құралдарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әсел Қалықова Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтқан сөздер негізссіз деп есептейді. Оның айтуынша, жеке қорғаныш құралдарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылған.

Ол мұның бірнеше себебін түсіндірді.

«Біріншіден, Қазақстанда мемлекеттік сатып алу бірнеше жылдан бері электронды портал арқылы жүзеге асырылып келеді, сондықтан тікелей қолтаңбасы мен мөрі бар ешқандай құжат болуы мүмкін емес. Екіншіден, жеке қорғаныш құралдарына қатысты мемлекеттік сатып алу қолданыстағы заңнама аясында өтті. Сонымен қатар, жеткізушілер жеткізген тауарларды қабылдауға мен қатысқан жоқпын, ол үшін функционалдық міндеттеріне кіретін лауазымды тұлғалар анықталды. Одан бөлек, тауарды жеткізу кезінде өнім берушілер осы саладағы монополист болып табылатын «Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК берген сапа сәйкестігінің сертификаттары мен тіркеу куәліктерін берді, бұл «ҚАЗЭКСПОАУДИТ» ЖШС немесе өзге де зертханалардың медициналық мақсаттағы бұйымдарға жататын жеке қорғаныш құралға сараптама жүргізуге құқығы жоқ дегенді білдіреді», - деді Әсел Қалықова.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік сатып алуды жеңіп алған жеткізушілермен келіссөздерді Жандарбек Бекшиннің өзі жүргізгенін және өзі жеке қорғаныш құралдары жинағының бірнеше түрінен Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қойылған жиынтықты өзі таңдағанын айтты.

«Одан бөлек, құрылыс нормасына сәйкес 1.03-05-2011 «Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы», «Жеке қорғаныш құрылыс құралдары» деген жоқ. Тек «арнайы киім» түсінігі бар. Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин сілтеп отырған «ҚАЗЭКСПОАУДИТ» ЖШС маманының қорытындысы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қойылған сапасыздық дерегінің негізі немесе растауы бола алмайды, себебі бұл қорытындыда медициналық мақсаттағы бұйымдарға қатысты жеке қорғаныш құралы қолданылмайтын нормативтік-құқықтық актілер қолданылған. «ҚАЗЭКСПОАУДИТ» ЖШС шығу көзі белгісіз жеке қорғаныш құралына қатысты зерттеулер жүргізгеніне ерекше назар аударғым келеді, өтініш беруші Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сатып алған ЖҚҚ-ның ешқандай қатысы жоқ химиялық әсерлерден тергеу изоляторларына сараптама жүргізуді сұраған жеке тұлға болды», - деді Әсел Қалықова.

Эпидемиолог бұл факт бойынша бас санитарлық дәрігердің сотқа жүгінгенін және заңды күшіне енген сот шешімдерімен Бекшиннің талаптарын қанағаттандырудан толық бас тартылғанын атап өтті.

Бұған дейін, Алматыда 90 млн теңгеге сатып алынған жеке қорғаныс құралдарының қоймада жатқанын жазған болатынбыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы арнайы мониторинг тобы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің өтініші бойынша қоймада бір жылға жуық сақталған жеке қорғаныс құралдарын тексерді.


Соңғы жаңалықтар