Жасотандықтар Елбасын құттықтау үшін онлайн челлендж ұйымдастырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына орай жасотандықтар Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде #Elbasymenbirge челленджін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Челлендж аясында Қазақстан өңірлеріндегі мәдениет және спорт өкілдері, жас кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер мен жастардың қатысуымен 100-ден аса бейнероликтер жарияланды. Спикерлер Елбасының суреті бейнеленген жейде киіп, Н.Ә.Назарбаевпен байланысты өз естеліктерімен бөлісті.

«Бұдан басқа, «Jas Otan» жастар қанатының қызметкерлері мен белсенділері #Elbasymenbirge хэштегімен Елбасына арналған құттықтау посттарын жариялауда. Осы акцияға жастар қанатының 3000-нан астам белсенді мүшелері қатысып, Facebook және Instagram желілерінде 500-ден астам пост жарияланды. Жасотандықтар өз естеліктерімен бөлісіп, Елбасыға деген жылы лебіздерін білдірді», - делінген «Jas Otan» жастар қанатының хабарламасында.

Аталған челленджге киноактриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Канн кинофестивалінің жүлдегері Самал Еслямова, еркін күрестен қазақстандық балуан, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия чемпионы, халықаралық турнирлердің чемпионы және жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, «ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Лаура Демесінова, «Волонтерлер лигасы» ҚҚ төрайымы Айсұлу Ерниязова, «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының» басшысы Дәулет Кәрібек және басқалар қатысты.


Соңғы жаңалықтар