+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Жастардың қылмысқа бару себебі Қарағанды облысы әкімдігінде талқыланды

2021 жылғы 22 маусым 21:50
Бөлісіңіз:
Жастардың қылмысқа бару себебі Қарағанды облысы әкімдігінде талқыланды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жастар арасындағы жұмыссыздықпен күреске арналған көптеген бағдарлама бар, олардың ішінде «Еңбек», «Дипломмен – ауылға!», «Бірінші жұмыс орны», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да үш күн ішінде мал ұрлығына қатысты 11 қылмыс ашылды Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі саудалаушы ұсталды Жамбылда бес күнде 37 қылмыс ашылды

Бағдарламалардың көптігіне қарамастан, кейбір жастар жұмыс істеуге, оқуға асықпайды. Жұмыссыз жастар арасында құқықбұзушылықтар да болып тұрады.

Жастар қылмысының деңгейін төмендетуге ықпал ету тетіктері бүгін Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.

Өңірде 14-28 жас аралығындағы 260 мыңнан астам адам тұрады. Олар жыл сайын 1 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық жасайды.

«Осы жылдың қорытындысы бойынша жастар жасаған қылмыстардың 32,2% төмендегені байқалады. Мас күйінде жасалған қылмыстар саны да 2 есеге азайды», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Оң статистикаға қарамастан, жастар қылмысы проблемасы әлі де өзекті болып отыр. Ұрлық, алаяқтық, көлік және ұсақ ұрлық басым. Жастар қылмысқа көбіне маскүнемдіктен және жұмыссыздықтан барады.

Интернеттегі қылмыстың көбеюі ерекше назар аударуға тұрарлық. Киберволонтерлер олармен күресуге кірісті.

Полицейлердің пікірінше, барлық жоғары оқу орындарында студенттік жасақтарды дамыту керек. Олар құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, мәдени іс-шаралар өткізеді. Әзірге облыс бойынша осындай сегіз жасақ бар.

Сондай-ақ, облыстың әр өңірінде 19 Жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Мұнда тегін құқықтық, психологиялық және әлеуметтік кеңестер өткізіледі.

Жастар саясаты мәселелері басқармасы халықты жұмыспен қамту құралдарының бірі жас кәсіпкерлерді қолдау деп атады. Биыл жастар кәсіпкерлігін дамытуға облыстық және жергілікті бюджеттерден 200 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Бос уақытты жақсы өткізу – бұл спорт. Биыл бұқаралық спортты қаржыландыру екі есеге артты.

«Бұл спортпен айналысуға қосымша жеті мыңнан астам баланы тартуға мүмкіндік береді. Облыстық басқарманың, қалалар мен аудандар әкімдерінің міндеті – осыған ерекше назар аудару. Және әрине де, жұмысқа орналастыру. Пандемияны ескере отырып, біздің облыстың жас тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау қажет», – деп атап өтті өңір басшысы Жеңіс Қасымбек.

Отырыста сондай-ақ алкоголь және тұрмыстық қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар айтылды.

Денсаулық сақтау саласының қарамағында Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазғандағы төрт бейімдеу орталығы бар. Сондай-ақ, облыста есірткіге тәуелділер үшін қолдаушы алмастырушы терапияның екі пункті бар. Дәрігерлер халық үшін қадамдық қолжетімділікте бастапқы психикалық денсаулықтың қосымша орталықтарын ашуды ұсынды.

Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2019 жылы полицейлерге кінәліні кезекші бөлімнің жанындағы арнайы бөлмеде 24 сағатқа дейін ұстауға мүмкіндік беретін шара енгізілді. Әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша 11 үкіметтік емес ұйыммен және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жолға қойылды. Облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанасы бар тоғыз дағдарыс орталығы ашылды. Оларға қазірдің өзінде 50-ден астам адам жүгінді.

«102» мобильді қосымшасы мен SOS нүктесі өзін жақсы жағынан көрсете білді. Қосымшаның көмегімен елдің әр тұрғыны полицияға құқық бұзушылық туралы хабарлама жібере алады, сонымен қатар оператормен байланысуға мүмкіндік бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT