Жасы 65-тен асқан қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға рұқсат берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жасы 65-тен асқан қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Таяуда қаулы жариялғанымды білесіздер. Сол құжатта жас шегі жағынан шектеуді алып тастадық. Алайда вакцинаны егде адамдарға салмас бұрын оларды жіті тексеру керек. Вакцина салынатын адамның дәл сол кезде ауруы болмауға тиіс», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов.
Еске сала кетсек, бүгін Ерлан Қиясов және аталмыш ведомствоның тағы бір вице-министрі Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырған болатын.
Екпе денсаулық сақтау саласының жауапты басшыларына №6 қалалық емханада жүргізілді. Пациенттер вакцинаның алғашқы дозасынан кейін еш шағымы жоқтығын айтты.
Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 1 ақпанда салдырған болатын. Вице-министрлерге ресейлік «Sputnik V» вакцинасы егілді. Егуден бұрын олар тексеруден өтіп, вакцина салдыруға қарсы көрсетілімі жоқ екені анықталған. Бұл жолы да препаратты алдымен Ерлан Қиясов, одан кейін Ажар Ғиният алды.
- Польшада коронавирустың үшінші толқыны басталды
- Карантин: Шымкентте мониторингтік топ 52,6 млн-нан астам теңгеге айыппұл салды
- Атырау облысында карантин шаралары жеңілдеді: жаңа қаулы жарияланды
- ПТР анықтамасы жоқ 277 шетел тұрғынына Атырау облысына кіруге тыйым салынды
-
Германия супермаркеттерінде коронавирустың бар-жоғын анықтайтын жедел тестілер сатылады
-
Ақмолалық құтқарушылар ауыр хәлде жатқан мүгедек зейнеткерді ауруханаға жеткізді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам