Жатақханадағы өрттен көз жұмған мұнайшылар отбасына 5 млн теңгеден төленді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС Боранқұл кен орнында өрт салдарынан мерт болған екі жұмыскердің отбасына материалдық көмек ретінде 5 млн теңге төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар компания өзінің ішкі құжаттарына және ҚР заңнамасына сәйкес өзге де материалдық көмек көрсетті. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта олардың асырауында болған отбасы мүшелеріне сақтандыру төлемдерін тағайындау мәселесі де пысықталуда.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС марқұмдардың туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Боранқұл кен орнындағы жатақханадан шыққан өрттен екі адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Оқыс оқиға Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнындағы екі қабатты жатақханада болған.



Соңғы жаңалықтар