«Жауһар жырдың тәжін киген Низами»: Әзербайжан газетінде Дархан Қыдырәлінің мақаласы жарық көрді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әзербайжанның «Respublika» ресми газетінде Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлінің «Жауһар жырдың тәжін киген Низами» атты мақаласы әзербайжан тілінде жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мақалада автор әзербайжан халқының дүлдүл ақыны, ұлы ойшыл Низами Гәнжауидің рухани мұраласының түркі әлемінде алатын орны туралы баяндайды. Сонымен қатар, оның шығармаларын қазақ поэзиясы классиктерінің туындыларындағы ой-пайымдармен сабақтастыра зерделейді.

Айта кету керек, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің 2021 жылды әлем әдебиетінің көрнекті өкілі Низами Гәнжауидің 880 жылдық мерейтойына орай «Низами Гәнжауи жылы» деп жариялады. Осыған орай, Халықаралық Түркі академииясы Низами Гәнжауи жылы аясында халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шаралар ұйымдастырып, ақынның шығармаларын жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Мақаланың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.


Соңғы жаңалықтар