+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

«Жайнай бер, өнер, жаңаша»: Ақтөбеде өнер ұжымдары онлайн концерт беріп жатыр

2020 жылғы 9 сәуір 02:31
Бөлісіңіз:
«Жайнай бер, өнер, жаңаша»: Ақтөбеде өнер ұжымдары онлайн концерт беріп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы «Жайнай бер, өнер, жаңаша» атты мәдени шарасын онлайн ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы онлайн мәдени шараны Наурыз мейрамы күні бастаған болатын. Кейін облыстық халық шығармашылығы орталығы ұлттық болмысты сақтап, құндылығымызды дәріптеуге баса назар аударды. Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир күн сайын сағат 11:00 мен 18:00-де ұйымдастырылды.

«Республикаға танымал, ұлттық өнерімізді дәріптеп жүрген Жетесовтердің «Шашу» халықтық - отбасылық ансамблінің жеке концерті үйде өтті. Белгілі жыршы Өмірхан Жетесов пен әнші, ансамбльдің жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері Амангүл Ешпанованың өнерлі шаңырағы көпке үлгі. Олар өздерінің балаларынан бөлек, 18 ұл-қызды бауырына басқан. Өнер ұжымының репертуары бай. Құрманғазының «Адай», Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», А.Жұбановтың «Тәжік биі» күйлерін және басқа композиторлардың шығармаларын нақышына келтіре орындап, ән салды. Кейін «Әдеп» халықтық тобы жалғастырды. Тікелей эфирде Қуанышгүл мен Құралай қазақтың қара домбырасымен халық әндерін, басқа да композиторлардың шығармаларын тарту етті. Көрермен Бағдат Балмағамбетова, Нұргүл Рамазанова мен Ақторғын Ноғаеваның орындауындағы тамаша әндерді тыңдады», - деді облыстық халық шығармашылығы үйінің әдіскері Гүлнар Сейталина.

«Рюкзак» халықтық бард-клубы мен Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театр актері Әсет Сисенов, әнші Бағдат Балмағамбетова мен Аслан Мұханбетжан да өз өнерін ұсынды. Тікелей эфир көрермендер Н.Тілендиевтің «Құстар қайтып барады», І.Жақановтың «Жайлаукөл кештері» және де басқа түрлі жанрдағы әндерді бірге шырқады.

«Жыр жауһары» деп аталған дәстүрлі онлайн өнер мерекесіне Байғанин ауданынан әкелі-балалы Құрал мен Иманжүсіп Беркалиндер және ағамыздың шәкірті Медет Қалмұрат қатысып, жалғастырды. Олар «Жайық деген жанды су» Ақтанның термесін, Нұрпейіс Байғаниннің «Еңбек туралы жыры» секілді рухани-адамгершілікті насихаттайтын термелерін орындады. Осылай байғаниндік өнерпаздар бір сағат бойы тікелей эфирде көрерменге естен кетпес ерекше кеш сыйлады. Ұмыт болып бара жатқан көне музыкалық шығармалар орындалып, қалың көрерменді думанға бөледі. Тікелей эфирде белгілі сазгер Дабыл Даурбаевтың кеші өтті. Кеште композитор өз шығармаларын қызы Жансаямен орындады. Темір ауданындағы Шылмурзиндердің «Гүлсана», Ойыл ауданындағы Ешпановтардың «Шапағат», Ырғыз ауданындағы Ұзақбаевтардың, Хромтау ауданы Бөгетсай ауылындағы Мырзахметовтардың «Ор толқыны» және Алға ауданындағы «Ақжол» халықтық вокалдық тобының сан қырлы өнеріне тәнті болды. Эфирді Мұғалжар ауданынан белгілі күйші, сазгер, ұлағатты ұстаз Балымбет Күзенбаев жалғастырды. Бұл кеш сұхбат түрінде өтті. Балымбет ағамыз тікелей эфир көрермендеріне күйлерінің шығу тарихы туралы баяндап берді», - деді Гүлнар Сейталина.

Халық шығармашылығы орталығы жанындағы жас айтыскерлер мектебінің жетекшісі Марат Ахметовтың «Ой толғам» айдарында белгілі ақын, сазгер, айтыс ардагерлері Оралбай Кәметия, Сайлаубек Елманов, Талғат Тілеулесов, Шынберген Сүлейменов сынды өнер тарландары көрермендерімен тікелей жүздесті. Сонымен бірге аудандық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарда көптеген үйірмелер мен «халықтық» (үлгілі) атақтары бар көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыс істейді. Бүгінде олар да қашықтан жұмыстарын жалғастырып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT