+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жайыққа шомылған 10 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

2020 жылғы 25 мамыр 00:13
Бөлісіңіз:
Жайыққа шомылған 10 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полицейлер Жайыққа шомылып жүрген жасөспірімдерді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда құдық ішінде уланып, есінен танып қалған екі адамды құтқарған азамат марапатталды Атырауда биыл 25 адам суға кеткен Өткен тәулікте республиканың далалы алқабы мен ормандарынан 32 рет өрт шықты - ТЖК

Жыл мезгілі бойынша әлі суға шомылу маусымы басталған жоқ. Соған қарамастан Атырауда жасөспірімдер Жайық өзеніне суға түскен.

«Полиция қызметкерлері түс кезінде Атырау қаласындағы Каспий ықшамауданы мен Тұрғындар қалашығы-Авангард шағынаудандары арасында салынған жаяу көпірдің тұсында, Жайық өзеніне суға шомылып жүрген онға жуық жасөспірімді көрген. Балаларының өзен жағалап, қауіпті жайтты ескерместен, суға түсіп жүргенінен бейхабар ата-аналар қалалық полиция басқармасына шақыртылды.

Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364-бабымен (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) хаттамалар толтырылды», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT