Жеке деректердің тарауына әлеуметтік желідегі бейқамдық себеп болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бағдат Мусин 3 млн адамның жеке бас деректерінің жария болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Facebook-тің технологиялық проблемаларына қол жеткізе алмаймыз. Бұл жеке корпорация. Қаскөйлер ондағы пайдаланушылардың жеке бас деректерін алғаны анықталған болатын. Адам Facebook-те тіркелген кезде өз еркімен тіркеліп жатқанын растап, келісімге қол қояды. Бұл келісімдерді ешкім оқымайды. Сондықтан оқиғаның себебі Facebook-тің өзіне белгілі», - деді Бағдат Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, қазір әлеуметтік желіге тіркелушілер цифрлық платформада дербес деректерінің қаншалықты қорғалатынына көп бас ауыртпайды.

«Менің ұсынысым, өзгелер білмеуі керек деген ақпаратты әлемуеттік желіге жарияламаған жөн. Телефон нөмірлерін, жеке басты куәландыратын құжаттарды салмау керек» - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш даму министрі.

Министр әлеуметтік желіден алынып, көпшілік үшін қолжетімді ақпаратқа айналған деректердің көбін телефон нөмірі мен электрондық пошта мәліметтері екенін айтады.

«Қандай деректер жарияланып кетті дегенге келсек, қолданушылардың аты-жөні, тіркеу кезінде көрсетілген телефон нөмірлері, электрондық пошта деректері тарап кеткен. Қаскөйлер поштаңызға хат жіберу арқылы басқа мәліметтерді алуға тырысады. Маркетингтік мақсаттар үшін хабарлама жіберетіндер де осы деректердің көмегімен мазалауы мүмкін. Әрине, бұл мәліметтер көбінесе интернеттегі алаяқтық үшін пайдалана алады. Қалай десек те, мұндай жайттардың азаматтар үшін зиянды», - деді Бағдат Мусин.

Еске салсақ, Бағдат Мусин «Вакцина – «чип» салу құралы деген теория туралы да пікір білдірді.



Соңғы жаңалықтар