Жеке кәсіпкерлікті банк қосымшалары арқылы ашуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны www.egov.kz порталында, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk Bank банк қосымшаларына жіберуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеке кәсіпкерлікті ашу үшін жеке тұлғадан дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу жеткілікті.

«Бұдан былай қазақстандықтар Halyk Bank мобильді қосымшасында іске асырылған жаңа сервистің көмегімен үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркей алады. Осыған дейін бұл хабарламаны www.egov.kz электрондық үкімет порталында, сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасында жіберу мүмкіндігі болған», - делінген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Хабарламаны Halyk Bank қосымшасында бірнеше батырманы басу арқылы жіберуге болады. «ЖК болу» сілтемесі бойынша өтсе жеткілікті. Одан кейін, жүйе алдағы қадамдарды ұсынады. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлікті ашудың барлық процесі 5 минуттан аспайды.

Ескере кететін жайт, нысанды толтыру кезінде жеке тұлға қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған облыстың мемлекеттік кірістер органының кодын, дара кәсіпкердің атауын, мекенжайын, жүзеге асырылатын қызмет түрін, сондай-ақ салық салу режимін таңдауы керек.

Хабарламаға жеке тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасымен қол қою керек. Келесі күні жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында тексеруге болады.


Соңғы жаңалықтар