Жексенбі күні елордада қалың қар жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сүйене отырып 29 қараша түнде қатты қар жауатынын еске салды.

«Кей уақытта жаяу бұрқасын соғады» деп ескертеді департаменттен.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін демалыс күндері ел аумағында боран соғып, қалың қар жауатынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар