Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы қызу талқыланып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ер адам полиция қызметкерлеріне көзді ашытатын бұрыш бүріккіш қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7 желтоқсанда учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ ювеналды полиция инспекторлары сот шешімін орындау мақсатында ішкі істер органы қызметкерлері, сот орындаушысы және қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілімен бірге 2016 жылы туған кәмелетке толмаған қызды 1994 жылы туған анасының үйіне апару мақсатында барған. Осы кезде үйде баланың 1954 жылғы атасы болған. Ол полиция қызметкерлеріне тап беріп, жеке сот орындаушыларына бұрыш бүріккішін қолданған», - дейді Наурызбай аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дидар Аханов.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 1-бөлімі бойынша жауапқа тартылғанын айтты. Бұл жағдай бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті іс жүргізеді.


Соңғы жаңалықтар