Желтоқсан оқиғасына қатысқан алматылықтарға қанша теңгеден беріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда желтоқсан оқиғасына қатысқандарға 150 мың теңгеден үлестіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкмінің орынбасары Мақсат Қиқымовтың айтуынша, ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында әкімдік тиісті құжаты бар желтоқсан оқиғасына қатысушыларға жыл сайын біржолғы әлеуметтік көмек төлейді (150 мың теңге).

Қазіргі уақытта санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну мәселесі қарастырылып жатыр.

Әлеуметтік қорғау мақсатында Алматы қаласында тіркелген және тұратын басқа мемлекет аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне:

- Санаторлық-курорттық емделу – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін есепке алмай, алатын зейнетақы мөлшерінің 25%-ын төлей отырып;

- Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай 100 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету.

- Сондай-ақ, Алматы қаласында қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдікті электрондық көлік картасы енгізілді (тегін).

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының мәлихат депуттатары Желтоқсан оқиғасына қатысқан елордалықтарға әлеуметтік көмек көрсету жобасын мақұлдаған болатын.


Соңғы жаңалықтар