Желтоқсанда алаңға шығып, теңдік талап еткен қаһармандарға тағзым етеміз - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Желтоқсан құрбандарын еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Бүгін біз Азаттық пен Тәуелсіздік үшін жанын пида етіп, Жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрған батырларға, XVIII-XIX ғғ. ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан қайраткерлерге, Алаш-Орда арыстарына, Желтоқсанда алаңға шығып теңдік талап еткен қаһармандарға тағзым етеміз!», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 28 жылдығын атап өтуде.


Соңғы жаңалықтар