Женевада Армения мен Әзербайжан СІМ басшылары келіссөз жүргізіп жатыр

None
None
БРЮССЕЛЬ-ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Армения мен Әзербайжан СІМ басшылары жұма күні Женевада халықаралық бітігерлермен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Минск тобының көмегімен өтіп жатқан дипломатиялық келіссөздердің жаңа кезеңі бейсенбі күні Швейцарияда ұйымдастырылуы керек болатын. Бірақ екі тараптың әскери қақтығысы қайтадан басталғандықтан кейінге қалдырылды.

Женева келіссөзі Минск тобының мәмілегерлігімен өтіп жатыр. Ресей, Франция және Құрама Штаттар 1990 жылдан бері Таулы Қарабақтағы жанжалды келіссөз арқылы шешуге тырысып келеді.


Автор Арнұр Рақымбеков


Соңғы жаңалықтар