Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті өмірден өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті Любовь Худова 76 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ақеркін Ералиева әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Любовь Николаевна тоқыма өнеркәсібінің патриоты, көп ұрпақтың ұстазы, тігін өндірісінің көшбасшысы болды. Ол өте әдепті, адал, әділ және кәсіби адам еді», - делінген автордың жазбасында.

Худова Любовь 1946 жылы 28 қарашада Түркіменстанның Мары қаласында дүниеге келген. Ташкент тоқыма институтының механика-технология факультетін бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. 2003 жылдан бері Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығын басқарады.


Соңғы жаңалықтар