Жеңілдетілген автонесие алғысы келетіндер электронды кезекке тұрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңілдетілген автонесие алуға электронды кезек іске қосылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазірдің өзінде екінші деңгейлі банктердің басым бөлігінде бұл опция цифрландырылған. Олар өз бағыттары бойынша жұмыс істеп жатыр. Бірақ, біз мұның барлығын халыққа да, банктерге де ыңғайлы болуы үшін ықпалдастыру және бірыңғай кезек жасау тапсырмасын жүктеп отырмыз», - деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Дәл осы мәселеге қатысты Қазақстанның автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева да пікірін білдірді.

«Барлық негізгі параметрлер аяқталып, екінші деңгейлі банктерге таңдау түскеннен кейін электронды кезек іске қосылатын болады», - деді қауымдастық вице-президенті.

Бұған дейін Олжас Сапарбеков Қазақстан Үкіметінің жеңілдетілген автонесие бағдарламасын бекіткенін жария еткен еді.

«Қазіргі уақытта жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Жасыл даму» АҚ-дан қажетті қаражатты аударуға байланысты процедуралар жүргізіліп жатыр», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар