Жеңілдетілген автонесиеге 22 мыңдай өтініш түсіп, 9 мыңға жуығы қабылданды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 21 897 өтініш түсіп, 8 795 өтініш расталды, деп хабарлайды Өнеркәсіпті дамыту қорының баспасөз қызметі.
«Бағдарлама 16 мамырда басталғанына қарамастан, екінші деңгейлі банктерге 21 897 өтініш келіп түскен. Оның ішінде сомасы 65,1 млрд теңге болатын 8 795 өтініш расталды» делінген хабарламада.
Қор таратқан мәліметке сай, бүгінгі таңда ҚР қалалары мен аудандарында 974 автокөлік шығарылды:
- Нұр-Сұлтан қ. – 111
- Алматы қ. – 201
- Ақмола облысы– 18
- Ақтөбе облысы– 35
- Алматы облысы – 7
- Атырау облысы – 26
- Шығыс Қазақстан облысы– 92
- Жамбыл облысы – 54
- Батыс Қазақстан облысы– 34
- Қарағанды облысы – 81
- Қостанай облысы – 65
- Қызылорда облысы – 16
- Маңғыстау облысы– 29
- Павлодар облысы – 37
- Солтүстік Қазақстан облысы– 14
- Шымкент қ.– 108
- Түркістан облысы – 46
Төлем қабілеттілігін тексерумен және автонесиелерді мақұлдаумен
екінші деңгейлі банктер айналысады.
Өтініш беру және кеңес алу үшін серіктес банктерге хабарласуға болады:
• «Еуразиялық банк» АҚ,
• «Банк ЦентрКредит» АҚ,
• «Қазақстан Халық банкі» АҚ,
• «Forte Bank» АҚ.

Соңғы жаңалықтар