+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Жеңілдетілген несиеге кәсіпкерлердің қолжетімділігін арттыру мәселесі қозғалды - Түркістан облысы

2019 жылғы 19 қараша 22:55
Бөлісіңіз:
Жеңілдетілген несиеге кәсіпкерлердің қолжетімділігін арттыру мәселесі қозғалды - Түркістан облысы

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы Н.Байғұттың төрағалығымен аудан және қала әкімдіктері, қаржы институттары, «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ өкілдерімен кәсіпкерлік мәселелері жөнінде мәжіліс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да «Бастау» мен «Жас кәсіпкер» түлектері жобаларының көрме-жәрмеңкесі өтті Ақтөбелік өнертапқыш тауарларын өткізе алмай жүр Маңғыстаудағы ауылда балалар киімін тігетін цех ашылды

Жиында «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту бағдарламасының іске асырылуы; Өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеу үшін үй шаруашылықтарының, кәсіпкерлердің қажеттіліктерін талдау мақсатында маркетингтік зерттеу (скрининг) жүргізілу барысы талқыланды. Сондай-ақ Түркістан облысындағы кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу мәселелері қозғалды.

Кездесу барысында кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрлан Мархабатұлы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен қабылданған «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген несиелеудің өңір кәсіпкерлері үшін қолжетімділігін арттыру қажет екендігін айтты. Сонымен қатар, басқосуда кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелдеу жұмысын күшейту мақсатында аудан және қала әкімінің орынбасары жетекшілігімен әрбір аудан және қала аумағында құзырлы жергілікті атқарушы орган, «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ, қаржы институтары өкілдерінің қатысуымен Мобильді топ құру тапсырылды. Сондай-ақ, басқарма басшысы Түркістан облысы Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша басқа өңірлер арасында көшбасшы екендігін мәлімдеп, қарқынды одан әрі жоғарылатуды аудан және қала әкімдіктерінің назарына жеткізді. Екінші кезекте, аудан және қала әкімдіктері мен үй шаруашылықтарының, кәсіпкерлердің қажеттіліктерін талдау мақсатында маркетингтік зерттеу (скрининг) жүргізу есебі баяндалды. ҚР Үкіметімен бекітілген мерзімде маркетингтік зерттеу (скрининг) жүргізу жұмысын сапалы орындау туралы Басқарма басшысымен аудан және қала әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, барлық аудан және қала әкімдіктеріне күн тәртібіндегі үшінші мәселе Түркістан облысындағы кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу туралы бірқатар жүктемелер тапсырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT