Жеңіс Қасымбек өңірдегі балабақша мәселесін шешуді тапсырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мектепке дейінгі ұйымдар мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күні облыс аймақтарында орналастырылған мемлекеттік тапсырыс көлемі нормативке сәйкес келмейді.

«2020 жылы нормативті республикалық деңгейдегі әдістеме мен өлшемдерге сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын. Біртіндеп қаржыландырудың қажетті көрсеткішіне шығу керек», - деп деді өңір басшысы.

Оның айтуынша, республика бойынша бір балаға әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс сомасы 27 502 теңгеден 33 380 теңгеге дейін өзгереді. Қарағанды облысында бұл көрсеткіш төмен, мәселен қалаларда - 20,6-дан 25,1 мың теңгеге дейін, ал ауылдық жерлерде - 10,4-тен 23,6 мың теңгеге дейін.

Мемлекеттік тапсырыс сомасын ұлғайту өңірдегі мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, облыс әкімі екі жастан бастап балаларды мектепке дейінгі орынмен қамтамасыз ету үшін жеке балабақшаларды ашуға бизнесмендерді тарту бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін еске салды.

Соңғы жаңалықтар