+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шаралар келесі жылға ауыстырылды

2021 жылғы 8 мамыр 10:42
Бөлісіңіз:
Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шаралар келесі жылға ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шаралар келесі жылға ауыстырылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды.

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайтынын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT