Жер реформасы жөніндегі комиссияның І отырысы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігіне байланысты комиссия жұмысы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында және Facebook парақшасында онлайн көрсетілуде.

Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір айдың ішінде жер реформасы жөніндегі комиссияны құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді, комиссияның құрамына аграрлық сектордың беделді өкілдерін және жер мәселесін жетік білетін сарапшыларды қосуды тапсырған болатын.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке биылғы тамыз айының соңына дейін жер реформасының негізгі мәселелері бойынша ортақ мәмілме арқылы түбегейлі байлам жасауды міндеттеген еді.

Ал 23 наурызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы» жылғы «№ 62-ө» өкімге қол қойды. Аталған өкімге сәйкес, комиссия төрағасы болып ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ал оның орынбасары болып ҚР Ауыл шаруашылығы министры Сапархан Омаров бекітілді.


Соңғы жаңалықтар