+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Жерге байланысты мәселеге нүкте қойылды- Ауыт Мұқибек

2021 жылғы 25 ақпан 15:44
Бөлісіңіз:
Жерге байланысты мәселеге нүкте қойылды- Ауыт Мұқибек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында бес мәселеге тоқталды. Бұл туралы Қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жыл сайын Мемлекет басшысына қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама енгізіледі

«Ерекше тоқталып айтайын дегенім, ұзақтан бері дау болып, халықтың көңілін күпті қылып келе жатқан жерге байланысты мәселеге нүкте қойылды. «Шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын», -деді Президент. Және бұл тапсырманы тез арада орындауды ұйғарды. Жалпы, жұрттың күткені де осы еді. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы арқылы қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім болды»,-дейді Ауыт Мұқибек.

Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының бұл шешімін тарихи оқиға ретінде бағалайтынын жеткізді.

«Тағы бір риза болғаным, Қасым-Жомарт Кемелұлы тоқталып, тапсырма берген бес мәселенің бесеуі де қарапайым халықтың өмірі мен тұрмысына қатысты болғаны. Мысалы,Тұрғын-үй және экономика саясатын жетілдіру. Ендігі уақытта ауылды жерлерге тұрғын үй салған компаниялардың жалпы шығынының жартысын үкімет төлеп беретін болды. Бұл да керемет бастама дер едім. Ауыл халқының қалаға ағылуын тоқтатуға, ауыл шаруашылығын дамытуға өте пайдалы шешім», - дейді ол.

Қоғам қайраткері, кеңесте мүмкіндігі шектеулі адамдардың да мәселесі назардан тыс қалмағанын атап өтті.

«Президент мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдетуді тапсырды. Шыны керек, «Нұр Отан» партиясына мүгедектік мәртебе алудың қиындығы туралы азаматтар көп арызданады. Міне, Құдайға шүкір, бұл мәселе де өз шешімін тапты. Қысқартып айтқанда, өз басым Президенттің бүгінгі шешімдері мен тапсырмаларына қатты риза болдым»,- деп түйіндеді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT