+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Жергілікті бюджет кірістері 75 млрд теңгеге артық орындалды – Смайылов

2020 жылғы 11 ақпан 11:51
Бөлісіңіз:
Жергілікті бюджет кірістері 75 млрд теңгеге артық орындалды – Смайылов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың қаңтарында жергілікті бюджет кірістері 75 млрд теңгеге артық орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 3,5 пайыз деңгейінде болуы мүмкін Үкімет әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдады Төтенше жағдай: Әлихан Смайылов бюджетті қалыптастыру тәртібі туралы айтты

«Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 75 млрд теңгеге артығымен орындалып, 217 млрд теңгені құрады. Асыра орындалу сомасының 68 млрд теңгесі салықтық түсімдерге келеді. Кірістердің жоспары барлық өңірлерде артығымен орындалып отыр. Себебі, жылдың алғашқы айларына, жергілікті бюджеттің кірістері төмен жоспарланған», - деді ол.

Бірінші вице-премьер бұған орта және шағын бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығының жергілікті бюджеттерге түсуі де әсер етіп отырғанын айтты.

«Есепті кезеңде бұл салық бойынша 27 млрд теңге түсті», - деді Әлихан Смайылов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT