Жетісай ауданында жол жөндеуге 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз бөлімінде 8 айда атқарылған жұмыстар жайында есеп берген жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұркен Әлмеш мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бөлім басшысының сөзінше, биыл аудандағы жолдарды орта және күрделі жөндеуден өткізу үшін 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қазіргі таңда бұл қаражатқа 136 шақырым жол жөнделіп жатыр.

«Аудандағы заңсыз жолаушы тасымалына тосқауыл қою, такси тұрақтарын реттеу, такси көлігінің жұмысын оңтайландыру бойынша АПБ мен бірлесіп 14 рейд өткізіліп, 62 автокөлікке әкімшілік хаттама толтырылған»,- дейді бөлім басшысы.

Нұркен Әлмештің айтуынша, аудан бойынша 12 көше қиылысында бағдаршамдар орналасқан. Оларды күтіп ұстау үшін жергілікті бюджеттен 5 млн теңге қаражат қаралған.Ал, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 2 млн теңгеге стандартқа сай жасанды жол кедергілері мен жол бергілері орнатылған.

Оған қоса, жергілікті бюджеттен қосымша 2 млн теңге бөлініп, стандартқа сай 109 жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

«Жалпы аудан бойынша 17 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргузіге бюджеттен 5 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орта жөндеуден өткізуге аудандық маңызы бар 5 жолдың және 192 ішкі көшенің сметалық құжаттамалары жасалған. Жалпы құны - 2 млрд 846 млн 344 мың теңге. Оған қоса, аудан бойынша ұзындығы 141 шақырымды құрайтын 291 топырақ көшеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамасы жасалынып, жобалық құны 872 млн теңгені құраған»,- деді бөлім басшысы.

Соңғы жаңалықтар