+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Жетісай қаласында орталық базар өртенді

2020 жылғы 23 мамыр 17:31
Бөлісіңіз:
Жетісай қаласында орталық базар өртенді

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Жетісай қаласында орталық базардың аумағы өртенді. Жалын «Күлпаршын» базарының аумағындағы азық-түлік және киім сататын бутиктердің жанынан шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, Жетісай №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің «101» нөміріне базардың аумағы жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 34 адам мен 11 дана техника жұмылдырылған. Тілсіз жау 450 шаршы метр жерді шарпып, 290 шаршы метр аумақ толық жанып кеткені анықталған.

«Өрттен қаза тауып, жарақат алғандар жоқ. Өрт сөндіру қызметкерлерімен жанған бутиктердің жанындағы 2000 шаршы метр сауда қатары құтқарылды. Қазіргі таңда, өрттің шығу себебі анықталуда» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT