Жетісайда 7 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданында 7288 отбасы немесе 42840 адам шартты атаулы әлеуметтік көмек алуда. Бұл туралы аудан әкімдігінің брифинг залында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сегіз айлық атқарған жұмысын баяндаған бөлім басшысы 510 отбасыға немесе 2060 адамға шартсыз атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленіп жатқанын айтады.

«Биыл ВИЧ-инфекциясына шалдыққан 6 баланың ата-анасына облыстық бюджеттен 2654,2 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. Әр баланың ата-анасына ай сайын 55,3 мың теңге төленуде. Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде тәрбиелеп оқытуға жұмсайтын шығынды өтеу үшін жергілікті бюджеттен 220 мүмкіндігі шектеулі баланың ата-аналарына ай сайын бір балаға 1 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленді. Бұл мақсатқа 2019 жылғы 8 айда 2777,5 мың теңге қаржы жұмсалды. Аудан бойынша 59 мүмкіндігі шектеулі азамат мүгедектік кресло-арбалармен қамтамасыз етілді»,- деді Әділхан Әбжанов.

Бөлім басшысының сөзінше, Шымкент қаласында орналасқан мүгедектерді оңалту орталығында 50 мүмкіндігі шектеулі азаматқа жолдама беріліп, дене шынықтыру емін алып қайтқан. Сондай-ақ, бекітілген жоспарға сәйкес Шымкент қаласында орналасқан протез-ортопедиялық орталығына мүмкіндігі шектеулі 165 мүмкіндігі шектеулі азаматқа жолдама берілді.

Мүмкіндігі шектеулі 18 азаматқа жеке оңалту бағдарламасы негізінде есту протездерін алу үшін жолдама берілген.

Соңғы жаңалықтар