Жетісайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданында «Сыбайлас жемқорлықты тоқтату - біздің міндет» атты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы ұйымдастырған жиынға аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев пен филиал төрағасының орынбасары Әділхан Асауов, аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Сәкен Жайлыбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрсынбай Мырзалиев, ауыл әкімдері, ауданық мәслихат депуттары және әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты.

Жиынға қатысқан құзырлы мемлкеттік органдар өздерінің сыбайлас жемқорлықпен қалай күресіп жатқанын баяндап өтті. Ал, аудан әкімі жемқорлықтың алдын алу бойынша тек жиындармен шектелмей, нақты іс-әрекетке көшетін кез келгенін тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда ел ішінде білім, денсаулық, ішкі істер салалары бойынша алып-қашпа әңгімелер өте көп. Солардың ең өзектісі - жұмысқа тұруда пара алу туралы жиі естіп жатамыз. Қызметке тұруды тек конкурс арқылы ұйымдастыру керек. Конкрус комиссиясының мүшелері кім екенін байқауға 2-3 сағат қалғанда айтып отырған дұрыс деп ойлаймын. Сол кезде конкурс комиссиясының мүшелері арасынан таныс іздеу болмайды. Елбасымыздан бастап айтып келе жатқан жемқорлықсыз мемлекетті қалыптастыруда бірлесіп күні-түні жұмыс істеуге шақырамын», - деді Жамантай Бейсенбаев.

Жетісай ауданы«Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Әділхан Асауов болса сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуді ең алдымен өзімізден бастап, елдің ішінде, отбасымызда, жиындарда, сыбайлас жемқорлықтың жаман індет екенін үнемі насихаттап халықтың ой-санасын өзгерту керектігін жеткізді. Білім бөлімінің басшысы жемқорлықтың алдын алу үшін 67 бос жұмыс орны ww.jumis.snation.kz сайтына жарияланғанын хабарлады.

«Оның ішінде 23 адам тестілеуге қатысып, 8 маман шекті балл жинаған. Қазіргі таңда аталған азаматтар конурстан өту бойынша құжат жинауда. Тағы бір айта кететін нәрсе - бұл жерде тестіге қатысушының нәтижесін тек министрлік жария етеді, оған жергілікті органдар араласа алмайды», - деді бөлім басшысы.

Соңғы жаңалықтар