Жетісайдағы мұғалімдер отбасында үшем дүниеге келді

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Жетісай ауданында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімікке сілтем жасап.

34 жастағы Аягөз Қарымсақова № 2 Облыстық перениталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Ернұр, Айнұр, Балнұр есімдері берілді. Сәбилер 37 аптасында дүние есігін ашқан. Қазір білікті дәрігерлердің арқасында енді туылған шақалақтар мен анасының денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Үшемдер 23 шілде перениталдық орталықтан шығады деп жоспарлануда.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының бір ұл мен екі қызы бар. Әкесі мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ал, анасы физика пәнінен сабақ береді.

Былтыр № 2 Облыстық перенаталдық орталығында 6 мыңға жуық сәби дүниге келді. Жыл басынан бері 2885 нәресте туылған. Бүгінде орталықтың дәрігерлері жыл сайын біліктілігін арттырып, ана мен бала өмірін аман алып қалуда.


Соңғы жаңалықтар