«Жезқазған-Петропавл» жол бөлігінде көлік қозғалысы шектелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 23 апқан сағат 16:15-те қар жауып, бұрқасын болып, жолдың көрінуі қиындауына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, барлық көлік түрлеріне қозғалыс «Жезқазған-Петропавл» автотрассасының 24-136 шақырымында Сәтпаев пен Ұлытау ауылдарының аралығында шектелді.

Айта кетейік, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтерінше осы уақытта Қазақстан бойынша республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысты қамтамасыз етуге арнайы техниканың 598 бірлігі мен 974 адам жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар