Жезқазғанда салонға қыстырылып қалған жүргізуші құтқарылды

None
None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – ТЖД қызметкерлері Жезқазған қаласында жол апатынан кейін көліктің сынған бөлшектерімен салонда қыстырылып қалған жүргізушіні құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құтқарушыларға 25 желтоқсан күні сағат 22:26-да Жезқазған қаласының Холмецкий көшесіндегі жол-көлік оқиғасы туралы хабар келіп түсті. Зардап шегушіні босатуға көмек қажет екені мәлімделген.

ТЖД бөлімшелері шақырту орнына келгенде, бірнеше жеңіл көліктің соқтығысқаны анықталды. Қираған көліктің бірінде жүргізушісі қыстырылып шыға алмай қалған. .

«Құтқарушылар арнайы гидравлика құралдың көмегімен жүргізушіні құтқарды. 19 жастағы жігіт дәрігерлерге тапсырылды. Тексеруден кейін жарақат алған адам Жезқазған қаласының орталық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар