Жоғарғы сот судьялары Әзербайжанға барды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Жоғарғы сотының делегациясы Әзербайжанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жоғарғы сот сайтына сілтеме жасап.

Делагация құрамында судьялар Нұржан Қайыпжан, Ирина Калашникова, Герман Нұрбаев, Аслан Түкиев, Ербол Өмірәлиев, департамент өкілдері – Жанат Бекжанов пен Арман Жүкенов бар.

Бұл сапар Америка адвокаттар қауымдастығының (ABA ROLI) көмегімен ұйымдастырылды. Мақсат – әкімшілік әділет жүйесінің және соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз етудің оң тәжірибесін зерделеу.

Делегация мүшелерімен Әзербайжан Жоғарғы сотының төрағасы Рамиз Рзаев кездесті. Меймандарға жоғары сот органының әкімшілік алқасының жұмысы таныстырылды.

Адвокаттар алқасының басшылығымен де кездесу өтті. Сонымен қатар, Қазақстан судьялары Баку апелляциялық соты мен Сумгаит соты кешеніне барады деп жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар