Жоғарғы соттың судьялары қызметінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы сіздердің қарауларыңызға Бауыржан Жұмағұловты, Асқар Смайыловты басқа лауазымға тағайындалуына байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметтерінен босату туралы ұсыным енгізді. Президенттің Жарлығымен жуырда Смайылов Алматы қалалық сотының төрағасы қызметіне, ал Жұмағұлов Атырау облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды», - деді Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов

Бұдан бұрын хабарланғандай, сәуір айында Атырау облыстық сотының төрағасы қызметіне Бауыржан Жұмағұлов тағайындалды. Сонымен қатар Асқар Смайылов Алматы қалалық сотының төрағасы болды.


Соңғы жаңалықтар