Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес: 20 құжат қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) биылғы қорытынды отырысы бейнебайланыс режимінде өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Жиын қорытындысы бойынша Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерді одан әрі нығайтуға бағытталған 20 құжат қабылдады.

Шешімдер:

Навигациялық пломбадағы бар ақпаратты қорғаудың бірыңғай шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №16 шешімінің орындалу барысы туралы.

Еуразиялық экономикалық одақтың 2022 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары туралы.

Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы.

Құрылыс саласында қызмет көрсетудің бірыңғай нарығының жұмысын қамтамасыз ету туралы.

Қызмет көрсетудің бірыңғай нарығының жұмысы аясында бағалау қызметін іске асыру шарттарына арналған ортақ тәсілдер туралы.

Еуразиялық экономикалық одақтың 2021 жылғы бюджетінің жұмсалуы жөніндегі есеп туралы.

Еуразиялық экономикалық одақтың 2022 жылға арналған бюджеті туралы.

Еуразиялық экономикалық одақтың сотына жүгіну кезінде кәсіпорындар төлейтін салық мөлшерін бекіту туралы.

Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ету туралы.

Қырғыз Республикасындағы мемлекеттік басқару секторының қарыз мөлшерін азайтуға бағытталған бірлескен шаралар туралы.


Соңғы жаңалықтар