Жоғары сұранысқа ие 30-ға жуық анықтама жойылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30-ға жуық жоғары сұранысқа ие анықтама жойылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биометрия бойынша қызмет алушылардың Еgov-та бір қадам арқылы тіркелуін жүзеге асыру үстіндеміз. Бұл қолданушыларға биометриялық сәйкестендіруден өтіп, кез келген қызметке қол қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, көптеген адамдар egov қызметтерін пайдалана алатын болады», - деді ол.

Бірінші вице-министрдің сөзіне қарағанда, қызмет алушылар egov-ке тіркелгеннен кейін қағаз құжаттарымен қатар сандық құжаттар сервисін қолдануға мүмкіндік алады.

«Бұл сервиске жыл соңына дейін келесі құжаттарды шығару жоспарланған: жүргізуші куәлігі, автокөлік техпаспорты, шетелдік паспорт, жоғары білім туралы диплом,студенттік билет, сақтандыру полисі және тағы басқалары. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 30-ға жуық жоғары сұранысқа ие анықтаманы алып тастаймыз. Шынайылықты растау QR кодты оқу арқылы қамтамасыз етіледі», - деді Бағдат Мусин.


Соңғы жаңалықтар