Жол картасы: Жұмысқа қабылданатындардың 50% жастар болады

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат–Алматыда ұмыспен қамтудың Жол картасын жүзеге асыру нәтижесінде 47 жаңа нысан салынады, оның 31- әлеуметтік нысан. Бұл туралы қалалық Әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Олар жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады. Жалпы жоба аясында 26 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарда. Жалдамалы жұмысшылардың кемінде 50% жастар болуы шарт.

«Жол картасы аясында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 6408 адамнан түйіндеме қабылданды, оның ішінде 708 адам — құрылыс алаңдарында жұмыс істеуге өтініш берді. Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру нәтижесінде 47 жаңа нысан, оның ішінде 31 әлеуметтік нысан салынады»,– деді Данияр Әлкебайұлы.

Сонымен қатар, ол өтініш беру үшін (өтініш берушілер мен жұмыс берушілерге) Жұмыспен қамту орталығының сайты (cz-almaty.kz ) жұмыс істейтінін, онда қабылданған шаралар туралы толық ақпарат бар екенін атап өтті.



Соңғы жаңалықтар