«Жол жабылды»: Алматы облысында мұғалімдер жалған ақпарат таратқан

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында мектеп мұғалімдері Өтеген батыр кентіне баратын көлік жолдары жабылады деген жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық прокуратурасының мәліметінше, WhatsApp мессенджерінде Іле ауданы Өтеген батыр кентінің №13 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Байсерке ауылынан Өтеген батыр кентіне коронавирус індетінің таралуы себебінен көлік жолдары жабылады деген жалған ақпарат таратқан.

Шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратушылар 28 наурызда анықталып, Іле ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Кінәлі тұлғалар істеген іс-әрекеттеріне өкінетіндерін білдірді.

Осыған байланысты, Алматы облысы прокуратурасы азаматтарды үрейге берілмеуге, сабырлық танытуға, жалған хабарламаларды таратпауға шақырады.

Барлық ақпарат құзырлы органдардың ресми ресурстарында жарияланып отырады.

Жалған ақпарат таратқан үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін құзырлы органдардың қызметкерлері қатаң ескертеді.


Соңғы жаңалықтар