-
ОНЛАЙН:
ЖОО-лардағы қағазбастылық проблемасы қалай шешіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары оқу орындарында қағазбастылықты азайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің жоғары оқу орны басшыларымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша мониторинг жүргіземіз. Ол сандық көрсеткіштен сапаға көштік. Сонымен қатар, жазуды жақсарту және академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру үшін нормалар енгізілді. Бұл – ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесіне қатысты нормалар»- дейді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Оның айтуынша, университет оқытушыларын қағазбастылықтан босату бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл университеттердің академиялық және басқарушылық дербестігін арттырған. Барлығын қосқанда 11 есеп беру нысандары алынып тасталды.
«Биыл университеттер алғаш рет өздерінің дипломдарын шығарады. Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету үшін емтихан өткізіліп, Тізілім құрылады. Оқыту тиімділігінің көрсеткіштерінің бірі – жұмыспен қамту көрсеткіші. Елдегі мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыспен қамтылудың жалпы деңгейі 70,2% құрайды», - дейді ол.
- Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
- «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады
- Қоғамдық бақылау туралы заңды әзірлеуде сарапшылардың қағидаттық ұстанымы ескерілді - министрлік
- Білім беру ұйымдарындағы буллинг деректері елеусіз қалып отыр
-
Мектептегі буллинг оқушының білім алу қабілеті мен ынтасына кері ықпал етеді
-
Әлемдегі елдерде баланы кемсітуге қалай жол берілмейді – ІІМ мысал келтірді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам