Жұмабек Бекенов: Санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабар 24 телеарнасындағы сұхбатында: «Карантин талаптары жеңілдегенімен, сақтыққа баса мән берген жөн. Әсіресе бұқаралық шараларға тыйым болғаны дұрыс. Сонда ғана індеттен құтыламыз», – дейді Жұмабек Бекенов.

Ол адам көп қатысатын шараларға жалпы тыйым салуды ұсынды.

«Бұрынғы басқан қақпанды екінші рет баспау үшін қазір ең бірінші нәрсе – сақтық шараларын, қазір дағдыланғанымызды сақтауымыз керек. Негізгі жұғатын жерлер бізге белгілі ғой. Көпшілік жиналған жерлер, күнделікті тәртіпті сақтамау, адамдар көп қатысатын шараларға жалпы тыйым салу. Осының бәрі аурудың өршуіне жол бермейді», деді Жұмабек Бекенов.



Соңғы жаңалықтар