Жұмыспен қамтудың жол картасы: Шымкентте 4 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 237 жоба нақтыланған.

Аталған жобаларға 8 682 адамды жұмылдыру көзделген болса, бүгінде 8 236-сы жұмысқа орналысты. Оның ішінде қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 341 адамды жұмысқа тарту жоспарланған болатынғ деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда қалада жоспарға сәйкес «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 122 адам жұмыспен қамтылды.

«Жалпы бағдарламаның мақсаты - тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар