Жүсіпбек Аймауытов атындағы театр көрерменмен қайта қауышты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры араға бір жыл салып көрерменмен қайта қауышты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

32-ші театр маусымы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының желісінде жазылған «Ерте ояндым, ойландым» қойылымымен ашылды.
Қойылымда Жас Абай бейнесін, театрдың жас актері Нұржан Әбіласан сомдады. Қойылым режиисері Әділет Ақанов.

- Араға бір жыл уақыт салып көрерменмен сағыныса қауышып тұрмыз. Жас Абай бейнесі мен үшін өте жауапты. Олай дейтінім, Абай болмысын, ішкі тебіренісін сахнадан бере алуға тиіспін. Сол үшін өлеңдерін оқып, қара сөздерін парақтап ұзақ зерттедім. Бір шетінен толқып та тұрмын. Себебі, халықты сағынып қалдық, - деді Нұржан Әбіласан.

Жалпы театр ұжымы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, 7 наурызда Қ.Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясын» ұсынады. Сондай-ақ 24, 25 наурызда Ш.Айтматовтың «Жәмила» драмасының премьерасын қоюды көздеп отыр.


Соңғы жаңалықтар