Жыл басынан бері 10,75 млн тонна мұнай экспортталды – Нұрлан Ноғаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың екі айында Қазақстан 10,75 млн тонна мұнай экспорттады Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есепті кезеңде мұнай және конденсат өндіру көлемі 13,8 млн тоннаға жетті. Осы жылғы қаңтар-ақпан айларының жоспары 101,1 пайыз орындалды. Оның ішінде, мұнай-газ саласындағы iрі компаниялар бойынша көрсеткіштер төмендегідей: Теңіз жобасында аталған кезеңде 4,3 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл есепті айдың жоспарына - 104,5 пайыз. Солтүстік Каспий жобасы – Қашағанда мұнай өндіру көлемі 2,4 млн тоннаны құрады. Яғни қаңтар-ақпан айларының жоспары 103,4 пайызға орындалып отыр. Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 2,1 млн тоннаны құрап, жоспар 100 пайыз орындалды», - деді 2021 жылдың қаңтар-ақпанында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған министр.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда әлемдік мұнай нарығы мен мұнайдың баға белгіленімдерінің бірте-бірте қалпына келу үрдісі байқалып отыр.

«биылғы 86 млн тонна жоспардың орындалатындығы күтіледі. Министрлікпен аталған жоспарды орындау мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Соңғы келіссөздерге сәйкес ОПЕК+ аясында Қазақстан Республикасының міндеттемесі мұнай өндіру көлемін шектеуін 17-ден 15 пайызға дейін түзетілді. Есепті кезең ішінде 10,75 млн тонна мұнай экспортталды. Осы жылғы қаңтар-ақпан айларының жоспары 100 пайыз орындалды», - деді Нұрлан Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар