Жыл басынан бері 12 қостанайлық мемқызметкер жауапқа тартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында жылдың басынан бері 32 мәселе қаралды, 12 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«32 мәселенің 20-сы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысында туындайтын мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі саласындағы алдын алу мен жүйелі проблемаларды шешуге жіберілді. Әдеп жөніндегі кеңес 12 мемлекеттік қызметкерге қатысты 12 тәртіптік жауапкершілікті қарастырды. Осылайша, 12 мемлекеттік қызметкердің ішінде екеуі жұмыстан шығарылды, бір қызметкердің лауазымы төмендетілді, үш мемлекеттік қызметкер қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту алып, бір адамға сөгіс жарияланды, тағы бір мемлекеттік қызметкер ескерту алды», - деп мәлім етті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің жетекшісі Асхат Искендіров.

Тәртіптік жауапқа екі аудан әкімі, облыстық аумақтық инспекциялардың екі басшысы, аудан әкімінің екі орынбасары, ауылдар мен кенттердің үш әкімі, бөлімдердің үш жетекшісі мен бір бөлім жетекшісінің орынбасары тартылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қостанай облысында жеті мемлекеттік қызметкердің қылмыстық жауапқа тартылғаны туралы хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар